Алматы облысы әкімдігінің 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №187 қаулысына сәйкес «Алматы облысы жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар департаменті» ММ-сі құрылды.
Облыс әкімінің 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы №287 қаулысы негізінде «Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ-сі болып өзгертілді.
Басқарма бастығы Сергей Юрьевич Салагаев. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтың нысандағы заңды тұлға болып табылады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды Облыс әкімінің және жергілікті атқарушы органдар резерві есебінен жүргізеді.
Облыстық масштабтағы азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастырады, жүргізеді. Тұрғындардың алдын ала дайындығын қоса алғанда бейбіт уақытта жүргізілетін іс-шаралар кешенін, соғыс уақытында және шабуыл жағдайында қорғаныс мақсатында үзіліссіз экономикалық жағдайды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

